Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Сотта құрылыс саласының маманы Вероника Лабаева үйді жобалау кезінде өрескел қателіктер кеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қабырғаны тұрғызу кезінде қолданылған конструктивтік тораптың дені бес қабатты ғимаратқа арналған. Алайда бұл үй техникалық қабатымен бірге тоғыз қабатты болып салынған. Мамандардың пікірінше, жобадағы осы сәйкессіздік – қасбеттің бұзылуына себеп болған негізгі фактордың бірі. Сотта МИБ төрағасы Сәуле Жұбаниязова да жауап берді. Ол қызметке кіріскенде бұрынғы төраға үйдің жағдайы жақсы екенін айтқан. Өзі де ғимараттың сырты мен шатырын үнемі тексеріп отырғанын, бірақ қауіпті ештеңе байқамағанын жеткізді. Жұбаниязова қайғылы жағдай болған күні үйде болмағанын, оқиғаны телефон арқылы және көршілер чатынан естігенін айтты. Айыпталушы өз қызметін бұл қайғылы оқиғамен тікелей байланыстырмауды, істің барлық мән-жайын жан-жақты анықтауды сұрайды.
ВЕРОНИКА ЛАБАЕВА, ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНЫҢ МАМАНЫ:
— Ғимараттың биіктігі жобада дұрыс есептелмеген болуы мүмкін. Соның салдарынан құрылым әлсіреп, қаптамаға түсетін салмақ артқан. Ал қабырғадағы тесік – негізгі себеп емес, осы ақаудың салдары. Яғни жобадағы қателік уақыт өте келе қауіпті жағдайға әкеліп, құрылыс кезіндегі кемшіліктер оны одан әрі ушықтырған.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.