Пәтер де, ақша да жоқ: қостанайлықтар құрылыс компаниясына алданып қалды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қостанайда ондаған отбасы баспаналы боламыз деп миллиондарын құрылыс компаниясына құйып, ақыры қалтасынан қағылды. Сотта компания басшысы екі жылдан астам уақыт бойы үлескерлермен келісімшарт жасап, тұрғындардан ақша жинағаны анықталды. Алайда оның үлескерлерден қаржы тартуға заңды рұқсаты болмаған. Прокуратураның мәліметінше, құрылысшы құрылысты аяқтай алмайтынын алдын ала білгеніне қарамастан, әр адамнанн ақша алуды тоқтатпаған. 2022 жылдың сәуірінен 2024 жылдың қарашасына дейін ол 123 миллион теңгеден астам қаржы тартқан. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол қаражатты өз қалауына жұмсаған. Салдарынан ондаған отбасы уәде етілген баспанасын ала алмады, Дегенмен қаржысын сот толығымен қайтартқан.
ЕРКЕБҰЛАН АЙТБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРОР КӨМЕКШІСІ:
— Сот құрылыс компаниясының басшысын алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. Оған пробациялық бақылаумен шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай-ақ бес жыл мерзімге құрылыс ұйымдарында басшылық қызмет атқаруына тыйым салынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал