Алматы облысында 100 мың ағаш кесіліп, орнына 1 тал да егілмеген

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

100 мың түп ағаш кесілді. Бірақ орнына бір тал да егілмеген. Алматы облысында кесілген тал-теректің орнына 1 миллионнан астам көшет отырғызу міндеті орындалмаған. Бұл қоршаған ортаға орасан зиян деген табиғат қорғау прокурорлары талапты елемегендерді анықтады. Соңғы жылдары құзырлы орган өңірде 100 мыңнан астам ағашты кесуге рұқсат берген. Бірақ, бір тал кессең, он тал ек қағидасы сақталмай отыр. Әсіресе, Еңбекшіқазақ ауданында заң бұзу дерегі көп. Ауданда 63 мыңнан астам ағаш кесілген, бірақ орнына тиісті көшет отырғызылмаған.
САЛАХАДИН АЖЕН, ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ПРОКУРОРЫ:
— «Бір тал кессең он тал ек» дегенді көбі елеп-ескермейді. Себебі жергілікті атқарушы органдар тарапынан бақылау жүргізілмейді. Соның салдарынан аудан бойынша 630 мыңнан астам көшет егілмей қалды. Ал облыс бойынша 1 млн-нан астам өтем ретінде ағаш егілмеген. Прокурорлық тексеру нәтижесінде 11 лауазымды тұлға жауапқа тартылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал