Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Келер жылы зейнетақы 8,5% өседі. Ал ең төменгі жалақы көлемі бұрынғыша қалады. Бұл өзгерістер 2027 жылғы бюджет жобасында көрсетілген. Құжат «Ашық нормативтік-құқықтық актілер» порталында жарияланды.
ГҮЛВИРА СЕЙТЕН – ТІЛШІ:
— Қаржы министрлігінің есебі бойынша, келесі жылы бюджет шығысы 30 трлн теңгені құрайды. Соның 6 трлн 850 млрд теңгесі тек зейнетақы, жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдерге жұмсалады. Қарап тұрсақ, бюджет жобасында кейбір әлеуметтік төлемдер келесі жылы 8,5 пайызға көбейеді делінген. Бұның мәнін сарапшы Айбар Олжайдан сұрадық.
Алдымен, не өзгеретінін айтайық. Бюджет жобасында 2027 жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 4 325 теңгеден 4 693 теңгеге дейін өседі делінген. Яғни 8,5% артады. Бұл көрсеткішке байланған бірқатар төлемнің көлемі де өзгереді.
Күнкөрістің ең төменгі деңгейі де 8,5% көбейеді. Биылғы 50 851 теңгенің орнына келер жылы 55 173 теңге болады. Ал ең төменгі жалақыға келгенде өзгеріс жоқ. Ол биылғы деңгейде, яғни 85 мың теңге болып қалады.
Ең төменгі зейнетақы қазіргі 69 мың теңгеден 75 мың теңгеге жуықтайды. Яғни ай сайын шамамен 5 900 теңгеге көбейеді. Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 35 596 теңгеден 38 622 теңгеге дейін өседі. Ал 2027 жылы орташа зейнетақы 111 640 теңге болады деп жоспарланған.
ГҮЛВИРА СЕЙТЕН, ТІЛШІ:
— Бюджет жобасы 5 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылаудан өткен. Енді алдағы күндері Құрылтайдың қарауына ұсынылады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.