Елде «қызыл аймақтағы» жылу электр орталықтарының саны 4 есе азайды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда «қызыл аймақтағы» жылу электр орталықтарының саны 4 есе азайды. Айталық, қазір тәуекел аймағында бес орталық қалып отыр. Бұрын ол 19 болған. Бұған Үкіметтің энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуды қарқынды жалғастыруы себеп. 2024-2025 жылдары электр стансаларында 20 энергоблок, 118 қазандық және 84 турбина жөнделді. Электр стансаларының орташа тозуы 56%-дан 53%-ға дейін, ал жылу беру кезеңіндегі технологиялық ақау 32%-ға төмендеді. Биыл 2,6 гигаватт дәстүрлі және жаңартылатын қуат көздерін енгізу жоспарланып отыр.

ЕРНАР ХАСЕНОВ, МЭҚБ КОМИТЕТІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Биыл жылыту маусымына дайындық аясында электрстанцияларда 9 энергоблок, 55 қазандық пен 51 турбинада күрделі жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстарының қорытындысы бойынша орташа тозу деңгейінің 52 пайызға дейін төмендеді. Сондай-ақ генерациялайтын қуаттарды ұлғайту бойынша шаралар қабылданады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал