Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қазақстанда тұратын этникалық корейлер өз отанында тегін емделу мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан корейлері қауымдастығы мен Пусан қаласының Экономиканы дамыту орталығы осындай меморандумға қол қойды. Оңтүстік Кореяның бұл мегаполисі биыл шамамен 4 миллион шетелдік турист қабылдауды жоспарлаған. Олардың 80 мыңға жуығы медициналық көмек алуға барады. Алматыда екі елдің сала мамандары бас қосты. Кездесуде татраптар тәжірибе алмасу, емделушілерді тарту және медициналық туризмді бірлесе дамыту мәселелерін талқылады.
О ДЖИХВАН, ЭДО ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ /ПУСАН/:
— Менің сапарымның мақсаты – Қазақстандағы корейлер қауымдастығымен жақсы қарым-қатынас орнату, науқастарды Кореяға емделуге шақыру және жалпы екі ел арасындағы медицина саласын бірлесіп дамыту. Пусан – Сеулден кейінгі екінші ірі қала. Оның да үлкен артықшылықтары бар, өйткені мұнда медициналық туризм жақсы дамып келеді. Осы іс-шарадан кейін жақсы нәтижелер болады деп күтемін. Себебі біз ынтымақтастығымызды тек емделуші тартумен шектемей, одан да кең ауқымда қарастырып отырмыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.