Қостанайда «Өнер – өмір» атты инклюзивті көрме ашылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қостанайда алғаш рет «Өнер – өмір» атты облыстық инклюзивті көрме ашылды. Мұнда 150-ден астам жұмыс және авторлардың түрлі тағдыры таныстырылды. Өңірдегі 10 арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілері өз картиналары мен сәндік-қолданбалы өнер туындыларын ұсынды. Олар үшін шығармашылық жай ғана хобби емес, өз ойын білдіріп, қоғамға үнін жеткізудің бір жолы.
МАРАТ ДҮЙСЕНОВ, ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МҰРАЖАЙЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ:
— Бұл көрме осындай ерекшелігіне қарамастан, адамның өз бойынан шығармашылықпен айналысуға, өзін-өзі танытуға күш таба алатынын және өзінің өзгеден кем емес екенін дәлелдейтінін көрсетеді. Олар еш қиындықсыз қоғамға сіңе алады. Толыққанды мүшесі бола алады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал