Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Үш ғасырға ұласқан мамандық. Солтүстік Қазақстан облысында тұратын Долдиндер отбасын жұртшылық жақсы таниды. Олар өңірде білім саласының дамуына сүбелі үлес қосып келеді. Әулеттің педагогикалық еңбек өтілі 240 жылға жуықтайды. Бала тәрбиесіне арнаған ұлағатты істі бүгінде үйдің төртінші ұрпағы жалғастырып жүр.
Сәния Қабділманқызының әпкелері, әкесі, одан қалды нағашы атасы да –шәкірт санасына білім нәрін құйған ұлағатты ұстаз. Отбасының жалпы еңбек өтілі – 238 жыл. Осы уақытта олар мыңдаған баланың тұлға болып қалыптасуына жол ашты.
СӘНИЯ ҚАБДІЛМАНҚЫЗЫ, ҰСТАЗ:
— Ұстаздық мамандықты таңдауыма, әрине, отбасымның үлкен үлесі болды. Өйткені өзімнің атам 40 жыл мұғалім болған. Әкем – сол кездегі Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген ұстазы. Әпкелерімнің барлығы – ұстаз. Басқа мамандықты таңдауға мүмкіндік болмады емес, болды. Бірақ мен ұстаздық мамандықты сүйіп жақсы көріп келдім.
«Алты алаштың басы қосылса, төр – мүғалімдікі». Сондықтан ұлағатты мамандық иесі атанған Алмагүл де, оқушыларға сабақ береді. Үйдегі алты баланың төртеуі әке жолын қуып, ағарту саласын таңдаған. Бұған құрметті ұстаз іштей қуанып отырады.
Қазір апалы-сіңілі үйдің екеуі бір мектепте иық тіресіп еңбек етіп жүр. Ұжымда сыйлы, көпке үлгі.
ЗӘУРЕШ ШӘКЕНОВА, ДИРЕКТОРДЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Бұл кісілерді біріктіретін бірқатар қасиет бар: оқушыға деген сүйіспеншілігі, білімге деген құрметі және елдің алдындағы жауапкершілік.
Қариясын қазынасына балаған ұстаздар әулетіндегі басты құндылық – мамандыққа адалдық. Сондықтан ата жолын қуған жандардың барлығы өңірдің білім беру саласына өлшеусіз үлес қосып келеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.