ШҚО-да аюлар саяжайлар мен омарталарға кіре бастаған

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Еліміздің шығысында аю көбейді. Өңірлік табиғи ресурстар басқармасының инспекторлары Шығыс Қазақстан облысында 3 мыңнан астам аю бар екенін анықтаған. Маймақтардың еркінсігені сонша, Риддер қаласының маңында саяжай учаскелері мен омарталарға кіріп кететін болған. Аюдан қорыққан жергілікті омарташылар қорықшылардан көмек сұрай бастаған. Қазір Риддер маңында орман және аңшылық шаруашылығының жедел жасағынан үш экипаж кезекшілік атқарып жүр. Мамандардың айтуынша, аю көршілес Ресейдің Алтай өлкесінен қоныс аударған. Жануарлар өртенген орманнан қашып, Қазақстан аумағына келген болуы мүмкін.
ВИКТОР МАРШАЛКИН, ШАРАВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
— Күн енді бата бастаса болды, иттер үре бастайды. Демек, аю келе жатыр. Мен сыртқа шығып, жарықты жағамын. Иттерімді жеп қоймасын деймін. Басқа не істей аламын? Жарықты жағып, сыртта жүріп шығамын. Омартасы бар көршілерім ұяға прожектор жағып қояды. «Аю сонда жақындамайды», — дейді.

МҰРАТ ҚҰСАЙЫНОВ, ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ РЕТТЕУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Экипаждар бірін-бірі үнемі алмастырып, осындай жағдайдың алдын алу үшін облыс аумағында жұмыс істеп жатыр. Аю, шынымен, тым көбейген. Соңғы жүргізілген есеп бойынша, шығыста 3296 орман жануары тіркелді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал