ШҚО-да аюлар саяжайлар мен омарталарға кіре бастаған | 09.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

ЖАЛЫН ҮЙГЕ ЖЕТТІ
Қып-қызыл жалын, қою қара түтін. Қостанай облысындағы орман өрті елді мекенге жетіп, үш бірдей үй жанып кетті. Көлік те күлге айналған. Құрғақ шөп лезде тұтанып, қатты жел өртті үдете түскен. Алапат өрттің жай-жапсарын айтамыз.

ҰЛДАНА МЫРЗУАН ІСІ
Меншік иелері бірлестігі төрағасы қасбет пен кондиционерге қатысты шағым болмағанын айтты. Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот жалғасып жатыр. Басты айыпталушыдан жауап алынды.

БІР АҒАШ КЕССЕҢ, 10 КӨШЕТ ЕК
100 мың түп ағаш кесілді. Бірақ орнына бір тал да егілмеген. Алматы облысында кесілген тал-теректің орнына 1 миллионнан астам көшет отырғызу міндеті орындалмаған. Табиғатқа келген залал қанша?

ҚЫЗЫЛ АЙМАҚТАН ШЫҚТЫ
Елімізде «қызыл аймақтағы» жылу электр орталықтарының саны 4 есе қысқарды. Станциялардағы технологиялық ақау да 32 пайыз азайған. Энергетикалық нысандарды жаңғырту жұмысы қалай жүріп жатыр?

АЮ АУЫЛ ЖАҒАЛАП ЖҮР
Қараңғы түссе итін қорғап, омартасын күзетеді. Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары ауылға аю жиі келетінін айтып шағымданды. Азаматтардың айтуынша, соңғы кездері жануардың бұл түрі көбейіп, үш мыңнан асып кеткен.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал