Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Круглоозерное ауылында жеңіл көлік жүргізушісі жол жиегімен кетіп бара жатқан екі әйел адамды қағып кетті. Оқиға түнде болған. Бірі алған жарақатынан көз жұмды, екіншісі ауруханаға жеткізілді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар анасы мен қызы. Қаза тапқаны – қызы, ал анасы емделіп жатыр. Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші көп ұзамай ұсталып, қамауға алынды. Сараптама нәтижесінде жүргізушінің оқиға кезінде мас күйде болғаны анықталды.
ӘЛИЯ НАУРЫЗҒАЛИЕВА, ПД АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 345 бабының 3 бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қазіргі уақытта барлық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу БҚО ПД басшылығының бақылауында.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.