Алматыда аялдамада 66 жастағы әйелді ұрып-соққан ер адамға сот үкімі шықты. Оқиға 23 сәуір күні Қарғалы шағын ауданында болған. Ер адам әйелдің басы мен бетінен бірнеше рет ұрып, кейін тепкілеген. Оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Әйелдің денесі сырылған, көгерген. Сот ер адамды 1 жылға бас бостандығынан айырып, жәбірленушіге 1,5 млн теңгеден астам өтемақы төлеуге міндеттеді. Бұған дейін де айыпталушы өзін қорғаймын деп шектен шығып, екі адамды өлтіруге себеп болғаны үшін істі болған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал

Бөлісу: