Бір мұғалімге – 70 сағаттық жүктеме, бір қызметкерге – бір жолда екі басшылық қызмет. Шымкент мектептерін тексеру кезінде осындай күмәнді жағдай анықталды. Бұның бәрі – цифрлық талдаудың нәтижесі. Білім саласында 12 бағыт бойынша ереже бұзылғаны көрсетілді. Ол аз десеңіз, бір мектеп 70 балта сатып алған. Үш есепшіге 55 калькулятор тапсырыс берген. Әлеуметтік көмек алатын кей отбасылардың жеке дүкені, меншігінде жері және бірнеше көлігі бары анықталды. Ал өзін әлеуметтік жағдайы төмен отбасы ретінде көрсеткендердің бірқатары көмек алуға құқығын растайтын құжаттарды ұсына алмаған. Бюджет қаржысының қайда және қалай жұмсалғанын цифрлық талдау әшкерелеп отыр.
СӘРСЕН ҚҰРАНБЕК, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Әрине, олар тиісті жазасын алды, келтірілген шығынның орнын толтырып, қаражатты қайтарды. Бұл жерде цифрландырудың көмегі көп болды. Тек өткен жылдың өзінде 10 миллиард 200 миллион теңге үнемдедік. Ал бүгінде үнемделген қаражат көлемі шамамен 15 миллиард теңгеге жетті. Менің ойымша, жыл соңына дейін үнемделген қаржы көлемі бұдан да арта түседі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
