Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Тас қараңғы әрі қоршауы жоқ 124 шақырым жол. Қонаев – Бақанас бағытында ай сәулесі мен көліктің жарығына ғана сенетін жүргізушілер жолды күрделі жөндеуден өткізуді сұрап отыр. «Себебі бұрнағы жылдары салынған күре жол талапқа сай болмай тұр», – дейді олар. Жол небәрі екі жолақты және жарықшам орнатылмаған. Алда кетіп бара жатқан көлікті басып озу үшін жүргізушілердің қарсы бағытқа шығуына тура келеді. Қос жиегі қоршалмағандықтан қараңғы түсе жайылымдағы мал мен жабайы аң жолға шығып кетеді. Жолаушылар бұл жол бөлігімен түнде жүруге жүрексінеді. Жалпы, бұл жолмен тәулігіне мыңға жуық көлік қатынайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.