Елімізде соңғы 6 жылда 31 мың шақырым жол жаңартылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елімізде соңғы 6 жылда 31 мың шақырым жол жаңартылды. Оның 12 жарым мың шақырымы – республикалық, 18 жарым мың шақырымы – жергілікті жолдар. Жүйелі жөндеу және қайта жаңғырту жұмыстары нәтижесінде республикалық жол 89%-дан 93%-ға, ал жергілікті жол сапасы 71%-дан 91%-ға жақсарды. Төрт жолақты жол 2,3 мың км-дан 4,4 мың км-ға ұзарып, қозғалыс жылдамдығы сағатына 60-тан 140 шақырымға артты. Яғни жолда жүру ұзақтығы екі есе қысқарды. Ақылы жол да ұзарып, 700-ден 6,2 мың шақырымға жетті. Жол бойындағы 24 туристік нысанға көлікпен қатынауға жағдай жасалып, жиектерде 412 сервис нысаны салынды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал