Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің ішкі істер министрлерімен кездесті. Жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның ішкі істер министрлері қатысты.
Президент түркі елдерінің ынтымақтастығы жылдан жылға нығайып келе жатқанын айтты.
– Біздің достығымызды бекемдей түсуге Түркі мемлекеттері ұйымы зор үлес қосуда. Қазақстан бұл беделді құрылыммен жан-жақты ықпалдастықты нығайтуға баса мән беріп отыр. Ұйымға мүше елдер түрлі саладағы, соның ішінде күштік құрылымдар арасындағы өзара байланысын күшейтіп келеді. Осы тұрғыдан алғанда, ішкі істер министрлерінің кездесуі айрықша маңызды екені сөзсіз, – деді Мемлекет басшысы.
Президент қазір әлемде ауқымды өзгерістер болып жатқанына, дүние жүзінде сын-қатерлер көбейгеніне назар аударды. Сондай-ақ мемлекеттік басқару және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы реформаларға тоқталды.
Кездесу соңында Президент туыстас мемлекеттердің басшыларына ыстық ықыласын жолдап, түбі бір түркі елдері әрдайым достық қарым-қатынаста болуға тиіс екенін атап өтті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.