Балаларды әлеуметтік желіден қорғау үшін жаңа талап енгізілуі мүмкін

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазір қазақстандық балалардың 88 пайызы смартфон ұстайды. Әрі TikTok, YouTube және Instagram секілді түрлі платформаны емін-еркін пайдаланады. Құрылтай депутаты Жанарбек Әшімжан Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Ол 16 жасқа дейінгі балаларды әлеуметтік желіден шектеу керек деп санайды. Бұған балалардың цифрлық ортаға тым ерте әрі белсенді араласуы себеп болып отыр. Зерттеулерге сәйкес, Қазақстанда 9-10 жастағы балалардың 60%-ы, ал 11-12 жастағылардың 66%-ы әлеуметтік желілерде аккаунтқа ие. Бұндай әуестік баланың кітап оқуына, спортпен айналысуына, отбасымен қарым-қатынасына және сабаққа дайындалуына кедергі келтіреді. «Заң қабылдап қою жеткіліксіз, баланың жасын анықтау, жеке деректерін қорғау, жалған аккаунттар арқылы тіркелуге мониторинг жасау қажет», — деп санайды депутат.
ЖАНАРБЕК ӘШІМЖАН, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТЫ:
— Осыған байланысты Үкіметтен 16 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желіге тіркелуіне шектеу қою тетігін нақтылауды, балалардың жеке цифлық деректер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді, мектептердің цифрлық гигиена медиа сауат және әлеуметтік желіні қауіпсіз пайдалану дағдыларын жүйелі оқытуды сұраймыз.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал