Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Өскеменде бірінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталып отыр. Желсіз ауа райына байланысты өнеркәсіптік қалада күкіртсутек, күкірт диоксиді және көміртек тотығының шекті рұқсат етілген концентрациясы нормадан асып кеткен. Сондықтан қаланың бірнеше ауданында орнатылған 25 жаңа экологиялық бекеттен тәулік бойы деректер жиналып жатыр. Датчиктер онлайн режимде жұмыс істейді, ал үдерісті өңірлік ахуалдық орталықтың мамандары бақылайды. Жүйелердің сезімталдығы өте жоғары және 5 минут ішінде ауаны ластайтын заттардың 8-ден астам түрін анықтай алады. Бұған дейін газ талдағыштар арқылы қолмен өлшеу жұмыстары 3 сағат және одан да көп уақытты алатын. Осылайша, қазір жасанды интеллект көмегімен, желдің бағытын ескере отырып, ауасы ең көп ластанған шағын аудандар анықталып жатыр. Алдағы уақытта экологиялық бақылау құралы жаңғыртылып, өңірдегі қоршаған ортаны қорғау жобаларына бюджеттен 20 млрд-тан астам теңге инвестицияланбақ.
АЙДОС ДӘУЛЕТХАНОВ, ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ АРХИВ БАСҚАРМАСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
— Цифрлық шешімдер нақты уақыт режимінде жұмыс істейді. Біз 5 минуттан бір сағатқа дейінгі аралықта ауада зиянды заттардың қаншалықты шоғырланып жатқанын көріп отырамыз. Мұның бәрін сағат сайын бақылап отырамыз. Егер шекті мөлшерден асып кетсе, белгілеп, тіркейміз де, әрі қарай Экология департаментіне хат түрінде жолдаймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.