Балқаш қаласындағы әуежай толық жаңғыртудан өтті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Балқаш қаласындағы әуежай толығымен жаңғыртудан өтті. Бұл мақсатқа мемлекетке қайтарылған активтер есебінен 945 миллион теңге жұмсалды. Жөндеу жұмысы осыдан екі жыл бұрын басталып, стратегиялық нысан биыл жазда алғашқы жолаушыларын қабылдады. Бұл әсіресе туристік маусым кезінде аса маңызды. Мәселен үш айдың ішінде Балқаш курортына 200 мыңға жуық турист барған.
Балқаш әуежайы өткен ғасырдың 60-жылдары салынған. Содан бері күрделі жөндеу көрмеген әуе айлағының инфрақұрылымы уақыт өте тозып, әбден ескірген. Сондықтан екі жыл бұрын мұнда ауқымды жаңғырту жұмыстары басталды.
Стратегиялық нысанның қайта жаңғыртылуы Қазақстандықтар үшін тиімді болды. Балқаш Астана мен Алматыдан 600 шақырымнан астам қашықта орналасқан. Бұған дейін курорттық аймаққа көлікпен немесе пойызбен жету көп уақытты алатын. Енді мұнда бар болғаны бір сағатта жетуге болады.

САПАР САТАЕВ, БАЛҚАШ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ:
— Сондай-ақ мұнда техникаларға арналған бокстар да салынды. Өрт сөндіру, су таситын көліктер, жанармай құю машинасы және жолаушыларға арналған трап сатып алынды. Бұдан бөлек, жергілікті атқарушы орган ретінде біз арнайы маршрут та аштық.
Екі жылға созылған реконструкция кезінде әуежайдың инфрақұрылымы толығымен өзгерді. Ұшу-қону жолағы мен перрон қайта жасақталып, 10 заманауи аэродром сатып алынды. Жолаушылар терминалы да жаңарды. Бастысы, ғимараттың тарихи сәулеті сақталды.

МАҚСАТ МҰҚАШЕВ, КАЖ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Қазір жолаушыларды өткізу мүмкіндігі артты. Бұған дейін әуежай 60 адамды қабылдай алса, қазір бұл көрсеткіш 80-ге дейін жетті. Ендігі міндет – орталық атқарушы органдармен бірлесіп, Балқаш әуежайынан орындалатын рейстердің бағытын көбейту.
Әуежай ғимаратын реконструкциялауға 3 миллиард 200 миллион теңге жұмсалды. Ал ұшу-қону жолағын жаңартуға да осынша қаржы бағытталды. Ал арнаулы қордан мұнда шамамен 1 миллиард теңге бөлінді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал