Жұмыссыз азаматтарға төленетін жәрдемақы беру мерзімі қысқарады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазанның 1-інен бастап жұмыссыз қалған азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек беру мерзімі қысқарады. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді. Енді төлем 3 аймен шектеледі. Оның мөлшері азаматтың бұрынғы жалақысының 45 пайызынан аспайды. Бұл төлем Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы 2005 жылдан бері беріліп келеді және қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. Көмек алу үшін жұмыстан шыққанға дейінгі соңғы 24 айда әлеуметтік аударым тұрақты жасалған болуы керек. Азамат алдымен Мансап орталығына немесе eGov.kz пен Enbek.kz арқылы жұмыс іздеуші ретінде тіркелуі тиіс. Егер оған лайықты жұмыс табылмаса, жұмыссыз мәртебесі беріліп, жаңа мамандық оқуға немесе субсидияланатын жұмысқа орналасуға мүмкіндік ұсынылады.
ЕРЛАН МҰХАНОВ, «МЕМЛЕКЕТТІК ӘЛЕУМЕТТІК САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» АҚ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Егер азамат өзіне сәйкес келетін үш жұмыс орынын дәлелсіз, себепсіз қабылдамайтын болса, оның жұмыссыз мәртебесі тоқтатылуы мүмкін. Бұл жағдайда әлеуметтік төлем де тоқтатылады. Яғни мемлекеттің негізгі мақсаты – азаматты ұзақ уақыт бойы әлеуметтік төлеммен қамтамасыз ету емес, керісінше жұмыссыз қалған адамға қолдау көрсетіп, оның жаңа жұмысқа мүмкіндігінше тез орналысуына көмектесу.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал