Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясына ерекше сыйлық табысталды. Қалаға танымал аддитивті инженер Иван Могер өнерпаздарға 3D-принтерде басып шығарылған жетіген сыйлады. Жас өнертапқыш музыкалық аспапты жасауға үш ай уақыт жұмсаған. 3D-жетіген 32 бөлшектен тұрады. Салмағы – шамамен бір жарым келі. Шағын болса да дауысы зор. Айта кетейік, бұл инженердің заманауи технология көмегімен жасаған алғашқы музыкалық аспабы емес. Бұған дейін ол филармонияға 3D-қобыз сыйлаған. Қазір ол музейде сақтаулы. Өнертапқыштың айтуынша, цифрлық технологиялардың дамуы болашақта кәсіби музыкалық аспаптар өндірісін де өзгертуі мүмкін.
ИВАН МОГЕР, ИНЖЕНЕР:
— Жетігенді тарихи нұсқасына барынша жақындату үшін асықтарды да 3D-принтермен басып шығардым. Ішектерінен басқа барлық бөлшегі басылған аспаптың өзіндік құны 10 мың теңгеге дейін шықты. Барлық сызбасын интернетке жарияладым, сондықтан қалаған адам осындай жетігенді өзі де басып шығара алады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.