Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ОЙЛАНБАЙ ЖАСАЛҒАН ҚАДАМ
Бір сәттік жауапсыздық екі жолаушының тағдырын өзгертті. БҚО-да екі әйелдің бірін жаншып өткен жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Мас күйде көлік жүргізудің ақыры қандай болатынын тағы бір мәрте көрсетті.
МЕКТЕПКЕ 70 БАЛТА НЕГЕ КЕРЕК?
Бір мектепке 70 балта. Есепшіге 55 калькулятор. Шымкентте қаржыны оңды-солды жұмсамақ болғандардың ісі әшкере болды. Цифрлық талдау есепсіз шығынды анықтап, 15 млрд теңгені бюджетке қайтаруға көмектесті.
ҚАУІПТІ ЖОЛ
Тас қараңғы әрі қоршауы жоқ 124 шақырым жол. Қонаев – Бақанас тас жолында түнде жүргізушілер ай сәулесі мен көліктің жарығына ғана сенеді. Ал тәулігіне бұл жолмен мыңға жуық көлік қатынайды. Жол қашан жөнделеді?
ҚҰРЫЛТАЙДАҒЫ ЖАҢА ТӘРТІП
Заң қабылдау тәртібі өзгерді. Іске кіріскен жаңа Құрылтай заң жобаларын үш оқылымда қарауды ұсынды. Бір заңның тағдыры үш сүзгіден өтпек. Мазмұны талқыланып, соңында талапқа сәйкестігі тексеріледі.
ЖЕТІГЕННІҢ ЖАҢА НҰСҚАСЫ
Жетігенді ағаштан емес, принтерден басып шығарды. Павлодарлық инженер заманауи технологиямен ұлттық аспап жасады. Ең қызығы жетігеннің сызбасын кез келген адам өзі басып шығара алады.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.