Атырауда оқушы мұрнына операция жасатқан соң қайтыс болды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Атырауда 16 жасар оқушы жоспарлы операциядан кейін ауруханада көз жұмды. Жасөспірім еркін тыныс ала алмаған соң мұрнына операция жасалған. Отбасы кезегі келгенде балаларын дәрігерге тапсырған. Дәрігерлер шамамен 20 минутқа созылатынын жеңіл ота екенін айтып жұбатқан. Алайда бала наркоздан оянғанда медициналық тампон тыныс жолына түсіп, тұншыға бастаған. Хәлі нашарлап, есін жимаған. Облыстық балалар ауруханасының директоры мұны жоққа шығармайды. Қайғылы оқиғаның нақты себебін анықтайтын сараптама қорытындысы әлі жарияланбады. Қазір оқиғаға байланысты медициналық бақылау департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Әзірге қылмыстық іс қозғалған жоқ.
АЛЬМИРА САБЫРҒАЛИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
— Медбике баланың жағдайының нашарлап бара жатқанын көріп, дереу дәрігерге айтқан. Дәрігер келіп, алғашқы реанимациялық көмек көрсетілген. Баланың мұрнындағы тампоны тыныс жолына кетіп қалған. Жалпы, тыныс жолына әрбір секунд, әрбір минут қымбат. Сол жерде баланың миына зақым келген.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал