Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қаржылық мониторинг агенттігі Жаңаөзен ауруханасына күйік бөлімшесін ашуға бөлінген 223 млн теңгенің жымқырылуына қатысты тергеу жүргізіп жатыр. Бастапқыда қаражатқа 8 түрлі медициналық жабдық алу жоспарланған. Алайда 210 млн теңгеге небәрі 2 арнайы кереует сатып алынған. Жабдыққа 92 млн теңге жұмсалып, қалған қаражатты күдіктілер өзара бөлісіп алған. Үш адам қамауға алынып, олардың мүлкіне тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:
— «AKBS Invest» ЖШС өкілі қылмыстық жолмен түскен қаражатқа елордадан пәтер сатып алып, оны үшінші тұлғалардың атына рәсімдеген. Жаңаөзен қаласы әкімінің бұрынғы орынбасарына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы бойынша лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану дерегімен тергеу басталды. Үш күдікті қамауға алынды. Соттың санкциясымен олардың мүлкіне, соның ішінде 2 пәтерге, 2 тұрғын үйге және автокөлікке тыйым салынды. Тергеу жалғасып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.