Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қарағанды облысында табиғи өрттің сөнбегеніне үшінші күн. Үш ауданға, оның ішінде Қарқаралы, Бұқар жырау және Шетке жету қиындаған. Себебі таулы-еңісті, жер бедері күрделі болғаны кедергі келтіріп отыр. Бесоба ауылы маңындағы өртке тікұшақ жұмылдырылды. 400-ден астам адам жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында өрт сөндірушілер, әскери қызметшілер және еріктілер бар. Сондай-ақ 100-ден астам техника тартылған. Қызметкерлер мен техниканың басым бөлігі Қарағанды қаласынан жіберілді. Арнайы штаб құрылып, мамандар жағдайды бақылап отыр.
ЕЛДОС ЗИЯДА, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Бір тәулік ішінде тоғыздан астам табиғи өрт ошағы сөндірілді. Қазір жұмыстар жалғасып жатыр. Желдің қатты екпіні және таулы-еңіс жер бедері өрт сөндіруге кедергі келтіріп отыр. Себеп көп. Адам отпен абайламай жұмыс істеуі мүмкін. Найзағай түсуі мүмкін. Тіпті тасталған қоқыс та өрттің тұтануына әкеледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.