Доллар бағамы 450 теңгеге дейін түсті

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мұнайдың күрт қымбаттауы теңгені нығайтып, доллардың әлсіреуіне әсер етіп отыр. Бүгін доллардың ресми бағамы 450 теңге 79 тиын болды. Қазақстан үшін бұл, әлбетте, тиімді, өйткені импорт арзандап, халықтың сатып алу мүмкіндігі артады. Алайда отандық экономист Арман Байғановтың айтуынша, Таяу Шығыстағы ахуал өзгерсе, мұнай бағасы да, валюта бағамы да қайта құбылуы мүмкін.
АРМАН БАЙҒАНОВ, ЭКОНОМИСТ:
— Ол әлемдік экономика, әсіресе мұнай тасымалы үшін өте маңызды. Сондықтан мұнайдың бағасы айтарлықтай өсті. Мұнай қымбаттаған кезде теңге де нығаяды. Оның үстіне, бұл әскери қақтығысқа АҚШ та тартылғандықтан, олардың валютасы қақтығысқа қатыспай отырған елдердің валюталарына қарағанда әлсіз болуы мүмкін. Тенденция қанша уақытқа созылатынын нақты айту қиын.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал