Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Елімізде медицина қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды цифрлық жоба іске қосылды. Әзірге Шымкент және Жамбыл облысында сынақтан өткізіліп жатыр. Жыл соңына дейін еліміздегі 3,8 мыңнан астам медқызметкер мен 2,1 мың жедел жәрдем бригадасы заманауи смарт-бейнежетондармен жабдықталады. Бұл құрылғылар соңғы кездері жиілеп кеткен дөрекілік пен шабуылдардың алдын алуға бағытталған. Қауіп төнген сәтте қызметкер арнайы батырманы басып, полицияның Жедел басқару орталығына лезде хабар жібере алады. GPS-трекер мен онлайн бақылау функциясы маманның нақты қай жерде жүргенін бақылап, көмекті шұғыл жеткізуге мүмкіндік береді. Бұдан бөлек, ауруханалардың қабылдау бөлімдерінде агрессияны автоматты түрде танитын бейнеаналитика камералары да орнатылып жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.