ШҚО-да оңалту мекемелеріне мамандар жетіспейді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Шығыс Қазақстан облысындағы түзету мектептерінде арнайы педагогтер мен әлеуметтік қызметкерлер жетіспейді. Өңірдегі мемлекеттік және жекеменшік оңалту мекемелерінде 13 мыңнан астам ерекше бала тәрбиеленеді. Олармен небәрі 509 педагог-психолог жұмыс істейді. Бірнеше топпен қатар жұмыс істейтін мамандар, оқу жүктемесінің тым көп екенін айтады. Облыста алғаш рет тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларды қолдау орталығы ашылған. Алайда, ол жаққа қажет маман тапшы. Қазір еліміздегі 17 университетте 5 мыңнан астам арнайы педагог әзірленіп жатыр. «Болашақта олар инклюзивті білім беру жүйесіне қызмет ететін болса, маман тапшылығы азаяр еді», — дейді орталық өкілдері.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал