Енді сараптама жасау үшін мәйітті кеспейді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Енді сараптама жасау үшін мәйітті кеспейді. Қазақстан сот-медициналық сараптама жүйесіндегі соңғы жаңалықтың бірі – осы. Бұл әдіс «виртуалды аутопсия» немесе компьютерлік сканерлеу деп аталады. Астанада өтіп жатқан Халықаралық ғылыми конференцияда осылай айтылды. Мамандардың айтуынша, мүрде арнайы сканерден өткізіліп, ішкі ағзалардың зақымдануы мен өлімнің нақты себебі сандық форматта анықталады. Алайда қылмыстық істер мен аса ауыр жұмбақ өлім жағдайларында дәстүрлі кесу әдісі әлі де қажет болуы мүмкін. 11 мемлекеттен келген мамандарды сот-медициналық сараптамаға енген жасанды интеллекті де қызықтырды. Тәжірибе алмасуда шетелдіктердің бізден де үйренері бар.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал