Қ. Тоқаев спортшыларды Көшпенділер ойындарындағы жеңісімен құттықтады

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшылар мен бапкерлерді VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістерімен құттықтады. Президент ұлттық спорт түрлерінен ел құрамасының жоғары беделін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті. Ойындар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі – алтын. Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде жүзеге асырылып жатқан реформаларға да тоқталды. Президент қазан айында Қазақстан халқына Жолдау жасайтынын атап өтті. Онда алдағы кезеңге арналған мақсаттар мен міндеттер айқындалады. Спорт саласындағы реформаларға тоқталған Президент соңғы жеті жылда елде 500-ден астам спорт нысаны салынғанын, өткен жылы 200 мыңнан астам бала мемлекет қаржысы есебінен спорт секцияларына тегін қатысқанын айтты. Бұл мақсатқа 50 миллиард теңге бөлінген. Салтанатты жиында Спорттағы жоғары жетістіктері, сондай-ақ Бішкек қаласында Көшпенділер ойындарын ұйымдастыруға және өткізуге ерекше үлес қосқаны үшін бір топ азаматқа мемлекеттік награда «Құрмет» ордені мен «Ерен еңбегі үшін» медальдарын табыстады. Спортшылардың арасында Президенттен «Алғыс хат» алған жас шабармандар да бар.
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Ең алдымен, баршаңызды Көшпенділер ойындарындағы жарқын жеңістеріңізбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздер, шын мәнінде, тамаша өнер көрсетіп, Қазақстанның Ұлттық спорттағы абырой-беделін дүниежүзіне паш еттіңіздер. Әлемнің 100-ден астам елінен келген спортшылармен бәсекеге түсіп, көк байрағымызды биікке көтеру – нағыз ұлт перзенттеріне тән асыл қасиет. Ұлттық командамыз ел үмітін толығымен ақтады деп айтсақ, әділетке сай сөз болады. Мен Президент ретінде баршаңызға Отанымызға әкелген рухты жеңістеріңіз үшін шынайы ризашылығымды білдіремін.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал