Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Солтүстік Қазақстан облысында екі адамның және ежелгі мүйізтұмсықтың сүйегі табылды. Ерекше олжа қала іргесіндегі Прибрежное ауылы маңынан анықталды. Артефактіні көпір салып жатқан құрылысшылар карьер қазып жатқанда байқап, полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары тексеріп, қылмыстық сипаттағы белгі жоқ екеніне көз жеткізді. Ал белгілі тарихшы әрі археолог Анатолий Плешаков жануар қаңқасын зерттеп үлгерген. Алдын ала болжам бойынша, сүйектердің бірі біздің заманымыздан бұрын XII мыңжылдыққа дейін өмір сүрген жүндес мүйізтұмсыққа тиесілі. Ал адам сүйектерінің қай кезеңге жататыны әзір белгісіз. Ғалымдар бұл жәдігерлер мен оның табылған орнын мұқият зерттемек.
АНАТОЛИЙ ПЛЕШАКОВ, АРХЕОЛОГ:
— Жүндес мүйізтұмсық біз «мамонттар фаунасы» деп атайтын кезеңге жатады. Бұл – палеолит, яғни мұз дәуірі. Егер мына бас сүйектердің кем дегенде біреуі сол кезеңге тиесілі болып шықса, бұл нағыз сенсация болады. Сондықтан оны толық зерттеу қажет.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.