Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Отбасылық дәстүр, туыстық байланыс және ұрпақ сабақтастығы. Бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарды сақтай отырып, оларды қазіргі заман талабына бейімдеу өте өзекті болып отыр. «Бірлігі мықты, дәстүрі мығым отбасы – мемлекеттің мызғымас іргесі», — дейді мамандар. Сондықтан отбасы апталығы жарияланып, оның аясында түрлі шара өтіп жатыр. Бүгін елордада «Дәуірлер тоғысындағы отбасы» тақырыбында жиын өтті. Оған мемлекеттік орган, ғылыми және сарапшылық қауымдастық өкілдері қатысты.
ЛӘЗЗАТ ЖАҢЫЛЫСҚЫЗЫ, ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ҰК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Қазір мемлекеттің басты саясатының бірі – отбасын сақтау, ажырасуларды азайту және отбасына ұлттық құндылықтарды сіңіру. Біз бүгінгі әлемдік дамуға, бәсекеге қабілетті дәстүрлерімізді сақтап, оларды жастарымыздың бойына сіңіріп, сол арқылы мемлекеттің, отбасының береке-берлігін сақтауға үлес қосуымыз керек.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.