Люксембургте танысып, қазақ дәстүрімен шаңырақ көтерді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Люксембургте танысып, шаңырақ көтергендер қазақтың салт-дәстүрін ұстанды. Әлия мен Гонсалу қазақ және португал мәдениетін тоғыстырды. Екеуінің таныстығы уақыт өте келе мызғымас отауға айналды. Шетелдік күйеу қазақтың туыстарына қалай жақын болып кетті?
Әлия мен Гонсалу іс-сапарда танысқан. Ол кезде Алия Польшада тұрып, швейцариялық банктің филиалында жұмыс істепті. Люксембургте жолыққан жастардың арасында көп ұзамай сезім пайда болады. Артынша оларды өмірге және отбасыға деген ортақ көзқарас жақындастырған.

ӘЛИЯ ЖӘНЕ ГОНСАЛУ СИМОИШ, ЖАС ЖҰБАЙЛАР:
— 26 жаста адамның белгілі бір өмірлік тәжірибесі болады. Әсіресе екі елде тұрып көрсең. Бірақ мені Әлияның бойындағы Еуропада жетіспей тұратын бір қасиет ерекше баурап алды. Ол – отбасының күнделікті өмірдегі маңыздылығы. Алғаш танысқаннан-ақ оның керемет жан екенін түсіндім. Бірде: «Егер біздің қарым-қатынасымыз шынайы болса, алдымен ата-аналарымызбен танысуымыз керек», – деді. Сол кезде мен онымен шаңырақ құруға болатынын түсіндім.

Әлияның ата-анасы күйеу бала шетел азаматы болатынына алаңдапты. Бірақ Гонсалумен танысқан соң күмәннің бәрі сейілген. Осылайша қос мәдениетті тоғыстырған ғашықтар шаңырақ көтерді.

ӘЛИЯ ЖӘНЕ ГОНСАЛУ СИМОИШ, ЖАС ЖҰБАЙЛАР:
— Былтыр қараша айында некемізді қидық. Ал Ислам дінін қабылдау – Гонсалудың өз қалауы. Қазір оның мұсылманша есімі – Рахим. Ешкім-ешкімді мәжбүрлеген жоқ. Бәрі ерікті түрде болды.

Бастапқыда жастар тойды тек отбасылық ортада өткізуді жоспарлап, 50-ге жуық адам шақырмақ болған. Алайда қонақ саны бұдан әлдеқайда асып кеткен.

ТАЛҒАТ ЖӘНЕ НАРГҮЛ ӘБІКЕНОВТЕР, ӘЛИЯНЫҢ АТА-АНАСЫ:
— Балалар той жасаймыз дегенде, барша туған-туысты жинадық. Алдымен, қандай салт-дәстүрлерді сақтайтынымызды талқыладық. Кейбірін шетелдіктер түсінбейтіндіктен, олардан бас тартуға тура келді. Шашу, қоржын болды. Сыйлықтар берілді. Олар мұның бәріне қатты таңғалды.

ӘЛИЯ ЖӘНЕ ГОНСАЛУ СИМОИШ, ЖАС ЖҰБАЙЛАР:
— Португалдардың арасында қалыптасқан салт-дәстүр көп емес. Қазақстандықтардың жылы қабылдағанына қатты таңданды. «Бұл – өміріміздегі ең керемет той. Бізді бұрын-соңды еш жерде мұндай ықыласпен қарсы алмаған», — деп ризашылығын білдіріп жатты.

Махаббатта шекара жоқ. Ол – адам өміріндегі мәңгілік құндылық. Мұны жастар жақсы түсінеді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал