Атырауда оқушы мұрнына операция жасатқан соң қайтыс болды | 11.09.2026

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

АЖАЛ ОПЕРАЦИЯСЫ
Мұрын қуысындағы кистаны алдырамын деп ажал құшты. Атырауда жоспарлы операциядан кейін 16 жастағы қыз баланың хәлі күрт нашарлап, көз жұмған. Бұл дәрігерлер салғырттығы ма әлде басқа жағдай әсер етті ме? Қайғылы оқиға тексеріліп жатыр.

«ЖАРЫЛҚАУ» ҚОРЫ
Кім кімді жарылқады? Маңғыстауда «Жарылқау» қорына аударылған 223 миллион теңге зым-зия жоқ болып кетті. Күйік бөлімшесін ашуға берілген демеуші ақшасы әлдекімдердің қолында кеткен. Ауруханаға екі кереует қойып, елді алдағысы келген үш адам ұсталды.

ДӘРІГЕРГЕ СМАРТ-ЖЕТОН
Дәрігерлерге шабуыл жасау тыйыла ма? Елімізде жедел жәрдем өкілдері мен медицина қызметкерлері смарт-бейнежетондармен жабдықталады. Қауіп төнген сәтте батырманы басса, полицияға хабар лезде жетеді. Оқиғаны онлайн бақылауға да мүмкіндік туады.

МҰЗ ДӘУІРІНІҢ ЖАҢҒЫРЫҒЫ
Мұз дәуірінің сыры ашыла ма? Солтүстік Қазақстан облысында жүндес мүйізтұмсықтың қаңқасы табылды. Жануардың нақты жасы мен тарихи маңызы анықталып жатыр. Миллиондаған жыл бұрынғы дәуірден сыр шертетін бұл жаңалықтың астарында қандай құпия жатыр?

ЛОТОС ПЕН ҚОҚЫС
Курортты сырттан іздеп не керек? Атыраудағы Тасқала аумағында жайқалған лотос гүлдерінің арасы тазартылды. 25 студент гүлдің сұлулығына сүйсіне жүріп, көл маңын күл-қоқыстан арылтты. Осылайша болашақ экологтар тұмса табиғатты аялады.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал