Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қарағанды облысында дала өрті өршіді. Демалыс күндері «Қарағанды – Балқаш» тасжолымен жүрген жүргізушілерге жылдамдықты азайтып, арақашықтықты ұлғайту ескертілді. Бұған Қызылқой ауылы маңындағы қатты түтін себеп болды. Бұл жерде құрғақ шөп пен қараған бұталары жанған. Ашық өрт ошақтары сөндірілді, қазір аумаққа су себу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал Қарқаралы ауданында өртпен күрес әлі жалғасуда. Құтқарушылар Бесоба ауылы маңындағы өртті бір аптаға жуық уақыттан бері толық сөндіре алмай келеді. Сондай-ақ Балқаш маңында тағы бір ірі өрт шықты. Онда қоқыс полигоны жанып жатыр.
ЕЛДОС ЗИЯДА, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСҚАРМА БАСТЫҒЫ:
— Ол жерге полигонның өз күштері мен құралдары, арнайы техника, бульдозерлер, сондай-ақ Төтенше жағдайлар департаментінің күштері жұмылдырылды. Өртті жою жұмыстары жалғасып жатыр. Өздеріңіз білесіздер, полигон тереңге кетеді. Сондықтан мұндай жағдайда өртті сөндірудің негізгі тәсілі – оны инертті материалдармен көму. Қазір осы жұмыстар жүргізіліп жатыр.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.