Әл-Фарабидегі жол апаты: сотта бұрынғы полиция қызметкерінің әрекетсіздігі қаралды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Алматыда атышулы жол апатына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Сотта қалалық полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасарының жүргізушісі жауап берді. Оған қызметте әрекетсіздік танытты деген айып тағылған. Оның әрекетсіздігі адам өліміне әкелген Zeekr автокөлігінің қатысуымен болған жол апатына себеп болуы мүмкін. Cотта айыпталушының өзі және оқиғаға куә болған үш адамнан жауап алынды. Қорғау тарапы сот залында фото және бейнетүсірілім жүргізуге тыйым салуды сұрады. Куәгерлердің бірі жол апаты болған түні дәмханада болғанын және бірнеше ұрттам сыра ішкенін айтты. Кейін оның қасына танысы, қызметтік көлік жүргізушісі қосылған. Бірақ олар полиция тарапынан көмек туралы келіспеген және көлікпен жарыспаған.
Еске салайық, 21 наурызда Әл-Фараби даңғылында Zeekr көлігі қарсы жолаққа шығып, Mercedes автокөлігімен соқтығысты. Апат салдарынан үш адам қаза тапты. Ал Zeekr көлігінің жүргізушісі 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал