Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Шығыс Қазақстан облысында қоқыс шығару тарифі бірден екі есе қымбаттады. Өскемен тұрғындары енді коммуналдық қызметтің бұл түрі үшін адам басына бұрынғыдай 431 емес, 757 теңге төлейді. Жаңа тарифтік есепті қалалық мәслихат депутаттары мен жауапты мемлекеттік органдар да қолдаған. Айталық, облыс орталығына екі арнайы компания қызмет көрсетеді. Әрқайсысының 70 мыңнан астам тұтынушысы бар. Ал кәсіпорындар шығынның артқанын айтып отыр. Түсімдер жалақы төлеу мен арнайы техниканы күтіп ұстауға толық жетпейді. Алайда тарифтің өсуі қарыздың артуына да әкелуі мүмкін. Қазірдің өзінде тұрғындардың қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметі бойынша берешегі 250 миллион теңгеден асады.
НАЗГҮЛ СЕЙТЕНҒАЗИНА, ҚОҚЫС ШЫҒАРАТЫН КОМПАНИЯ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Біздің тариф 2022 жылдан бері қайта қаралған жоқ. Яғни қолданыстағы тариф сол жылдың қазан айында бекітілген. Содан бері оның бағасы көтерілген емес. Ал жыл сайын жанар-жағармайдың, қосалқы бөлшектердің құны және еңбек ақы қоры өсіп келеді.
РАШИД ШЕРУБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ТҮКШ БӨЛІМІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Компаниялар контейнер алаңдарын күтіп ұстауға міндеттелді. Сонымен қатар өз тараптарынан оны жаңартып отырады. Бұл қаланың келбеті үшін оң нәтиже береді деп ойлаймын. Ал біз атқарылып жатқан жұмысты жалғастырып, бақылауда ұстаймыз.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.