Бірнеше өңірде әлеуметтік, медициналық және өндірістік жаңа нысандар іске қосылды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Еліміздің бірнеше өңірінде әлеуметтік, медициналық және өндірістік жаңа нысандар іске қосылды. Оның барлығы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асты. Атап айтсақ, Қарағанды облысында құны 30 млрд теңге болатын ірі сүт-тауар фермасы мен геологиялық барлауға арналған «ЖаңаLAB» зертханалық кешені ашылды. Түркістан облысында жаңа вирусологиялық зертхана іске қосылып, «Сарыағаш» теміржол вокзалы жаңғыртылды. Ақтөбе облысының Бадамша ауылында төрт қабатты аудандық диагностикалық орталық пайдалануға берілді. Ал Жамбыл облысының емханалары КТ және маммографпен жабдықталған екі жылжымалы медициналық кешенмен толықты. Жетісу облысында «Талдықорған – Үштөбе» күрежолының 42 шақырымдық учаскесі жоспардан екі ай бұрын жөнделді. Абай облысының Бесқарағай ауданында жаңа өрт сөндіру стансасы ашылды. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында демалыс сквері, ал Самар ауданында мектеп-интернат пен спорт кешені ел игілігіне берілді.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал