Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алматы облысында су үнемдеу технологиясы енгізілген алқап аумағы 94 мың гектарға жетті. Бұл – өңірдегі жалпы егіс аумағының төрттен бір бөлігі. Облыс шаруалары биыл 440 мың гектар жерге егін екті. Олардың айтуынша, жаңбырлатып және тамшылатып суару алқаптарынан жиналған егін көлемі 3-4 есе артқан. Ал мемлекет диқандардың жаңа технология енгізуге кетірген шығынының 80 пайызын өтеп береді. Қыста қардың аз түсуіне байланысты шаруашылықтар ылғалды аз қажет ететін дақылдар алқабын ұлғайтуға көшті.
ЕРКІНБЕК ДӘУІТҚҰЛОВ, ОБЛЫСТЫҚ АШБ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Биыл күріштің өзін 2 мың гектарға азайтып отырмыз. Оның орнына суды аз қолданатынын дақылды көбейттік. Су үнемдеу технологиясына да өте көп көңіл бөліп жатырмыз. Соның арқасында биыл өніміміз жақсы.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.