Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында экологиялық жоба көбейіп келеді. Бұл жолы қалада үшінші эко-хаб ашылды. Енді Жетісу ауданының тұрғындары қалдықты сұрыптап тапсыру үшін ұзақ жол жүрмей-ақ, жаңа орталыққа бара алады. Эко-хабта пластик, қағаз, алюминий және басқа да тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинауға арналған 10 контейнер қойылған. Бірақ бұл тек қайта өңдеуге қалдық қабылдайтын орын емес. Мұнда экологиялық шеберлік сабақтары, дәрістер, түрлі акция мен еріктілердің кездесуі өтеді. Жоба авторларының айтуынша, басты мақсат – табиғатқа жанашырлықты күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналдыру.
ЕВГЕНИЙ МҰХАМЕДЖАНОВ, ECO NETWORK ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Қаланың төменгі бөлігінде мұндай экологиялық орталық бұрын болмаған. Бұл – жұмыс істеп тұрған комьюнити орталығының базасында ашылған Эко-хаб. Осындай орталықтарды біз Алматыда, Астана және Қарағандыда іске қостық. Енді тұрғындар үйінде қалдықтарды сұрыптап, осында әкеле алады. Бұл жерде экологиялық білім беру бағдарламалары өтеді.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.