Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Ли Чжэ Мёңнің шақыруымен Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барды. Мемлекет басшысын Сеул әуежайында Премьер-министрдің орынбасары – Ғылым және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар министрі Пэ Гён Хун күтіп алды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның бірқатар азаматын марапаттады. Атап айтқанда, Корея Республикасының мемлекет және қоғам қайраткерлеріне II дәрежелі «Достық» ордені салтанатты түрде табысталды. Мемлекет басшысы мән-маңызы ерекше рәсімге жиналған қауымға ілтипат білдіріп, қазақ пен корей ежелден достас халықтар екенін атап өтті.
Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев оңтүстіккореялық әріптесімен келіссөз жүргізеді деп күтілуде. Келесі күні «Корея Республикасы – Орталық Азия» бірінші саммитіне қатысады. Сонымен қатар өңір елдерінің Үкіметтері мен кәсіпкерлерінен құралған 500-ге жуық өкілдің қатысуымен бизнес-форум жоспарланған. Жоғары деңгейдегі ресми келіссөздерден бөлек, Сеулде мәдени іс-шаралар да өтеді. Ханган саябағында интерактивті киіз үй мен заманауи этноауыл бой көтерді.
РИЗЗАТ ТАСЫМ, САЯСАТТАНУШЫ, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША САРАПШЫ
— Қазақстан мен Кореяның арақатынасына қарау үшін Кореяның стратегиялық құжаттарына басты назар аударған жөн. Олар 2030 жылға қарай ЖИ бойынша әлемдік үштікке кіруді жоспарлап отыр. Яғни өндірістегі ЖИ көлемін 70%, ал мемсекторда 95% ұлғайтуды көздеп отыр. Көріп отырғанымыздай, бұл Қазақстанмен ынтымақтастығына елеулі үлес қосуға мүмкіндік тудырып отыр. Яғни ЖИ мүмкіндіктерін әсіресе өнеркәсіп өндірісінде дамыту біз үшін де өзекті.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.