Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Елена Рыбакина ресми түрде әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Жаңартылған рейтингте отандасымыз 9 901 ұпаймен бұрынғы көшбасшы Арина Соболенконы басып озды. Беларусь теннисшісінің қоржынында 7 875 ұпай бар. Үздік үштікті америкалық Джессика Пегула 7 265 ұпаймен түйіндеді. Рыбакина WTA тарихында әлемдік рейтингте бірінші орынға көтерілген 30-шы теннисші атанды. Ал ел тарихында аталған спорт түрінен әлемдік рейтингте көш бастаған алғашқы спортшы.
Айта кетейік, Елена Рыбакинаның бірінші ракетка атануына US Open турниріндегі нәтиже әсер етті. Отандасымыз жуырда Америка жерінде өткен жарыста топ жарған болатын. Бұл – оның мансабындағы «Үлкен дулыға» санатындағы үшінші титулы. Бұған дейін ол 2022 жылы Уимблдонда, ал 2026 жылы Australian Open турнирінде жеңіске жеткен.
ЕЛЕНА РЫБАКИНА, ӘЛЕМНІҢ БІРІНШІ РАКЕТКАСЫ:
— Маған қолдау көрсетіп, сенім білдіргендеріңіз үшін рақмет айтқым келеді. Мені қолдап, матчты тамашалаған Қазақстандағы барша жанкүйермен бірге осы сәтті бөліскім келеді. Әсіресе балалармен. Мен үнемі өсіп келе жатқан жас буынның көп екенін айтамын. Олар теннис корттарына келіп жүр, бәрі де теннис ойнағысы келеді. Бұл – керемет. Ендеше, еліміз үшін маңызды осы жетістікті бәріміз бірге атап өтейік.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал