Астана алғаш рет WTT Star Contender турнирін қабылдайды

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Астана алғаш рет WTT Star Contender халықаралық турнирін қабылдайды. Дүбірлі додаға әлемнің 29 елінен 160 спортшы қатысады. Әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары Қазақстан Республикасы Президентінің Ашық кубогы аясында бақ сынайды. Жарыс 15-20 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры — 300 мың АҚШ доллары. Қазақстандық спортшылар үшін өз елінде өтетін бұл турнир — үлкен олимпиада алдындағы шеберлігін шыңдау мүмкіндігі.

СЕРІК ЖАРАСБАЕВ — ТУРИЗМ ЖӘНЕ СПОРТ ВИЦЕ-МИНИСТРІ

Енді бүгін осындай жарыс өткізіп алсақ, келесі жылы бізде ең басты мақсат — осы серияны ары қарай жалғастырып, 27-ші жылдың мамыр айында Әлем чемпионатын өткізу — Астана, Қазақстан. Сол Әлем чемпионатынан кейін келесі жылы Лос-Анджелесте Олимпиада ойындары өткізілгелі жатыр. Соған біздің Ұлттық құрама команда өз дайындығын жоспарлап отырып, осындай жарыстарға қатысып отыр.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал