Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Әскери қызметшілер жасанды интеллект арқылы қалай тамақтанатынын бақылай алады. Көкшетаудағы Ұлттық ұланның 55/10 әскери бөлімінде осындай жүйе сынақтан өткізіле бастады. FoodPos құрылғысы сарбаздың табағындағы тағамды танып, оның көлемін, калориясын, ақуыз, май және көмірсу мөлшерін автоматты түрде есептейді. Тамақтанғаннан кейін әскери қызметші ас сапасына баға бере алады. Ал бұл деректер кейінгі мәзірді әзірлеу кезінде ескеріледі. Алғашқы айлардың өзінде цифрлық кері байланыс жүйесі арқылы 1,5 мыңға жуық баға жиналған. Пилоттық жоба тиімділігін көрсетсе, жүйені Ұлттық ұланның өзге әскери бөлімдеріне де енгізу жоспарланып отыр.
ӘЛІБЕК ӘБІЛОВ, ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
— Көкшетау қаласындағы ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінде әскери қызметшілерді тамақтандыру процесін толық бақылауға мүмкіндік беретін Е-қамқорлық цифрлік жүйесі іске қосылды. Жүйе азық-түліктің бөлімге келіп түсуінен бастап, оны әскери қызметшілерге беруге дейінгі барлық кезеңді бақылауға мүмкіндік береді. Платформа қоймадаға азық-түлік өнімдерін автомат түрде есепке алып, олардың жарамдылық мерзімін температурасы мен ылғалдылығын бақылайды. Сондай-ақ санитарлық талаптардың сақталуын және асхана қызметкерлерінің жұмысқа рұқсат нормаларына сәйкестігін қадағалайды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.