Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғып, тұман түседі. Сонымен қатар бірнеше облыста өрт қаупі жоғары болады. Сондықтан Қазгидромет мамандары тұрғындарға ауа райы болжамына назар аударып, сақтық шараларына мән беруді сұрайды.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Солтүстік батыс циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен елдің солтүтігі мен шығысының жекелеген аудандарында, сондай-ақ оңтүстік шығыстың таулы аймақтарында ауа райы тұрақсыз болады. Жаңбыр жауып, кей жерлерде найзағай күтіледі, жел күшейеді. 16 қыркүйектен бастап батыс циклонның әсерінен еліміздің батыс өңірлерінде жауын-шашын және желдің күшеюі болжанады. Ал 17 қыркүйектен жекелеген аудандарда қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның қалған аумағында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.