Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
ОҚУШЫҒА ПЫШАҚ САЛДЫ
Семейде екі оқушы арасында төбелес болды. Жұдырықтасқан жасөспірімдер бір-біріне пышақ сілтеген. Ақыры ауыр жарақат алған бір оқушы ауруханаға түсті. Оған 15 жерден пышақ тиген. Төбелеске қатысқан екінші оқушы ұсталды. Оқиға ізімен тергеу жүріп жатыр.
БАЛАНЫ ЖАНШЫДЫ
Елордада оқыс оқиға болды. 15 қабаттан құлаған әйел адам арбада жатқан сәбидің үстіне түсті. Екеуі де мерт болды. Келіншекті біреу әдейі итеріп жіберген бе әлде өзі байқаусызда құлап кетті ме? Қайғылы жағдайдың мән-жайын полиция анықтап жатыр.
ДАЛА ӨРТІ
Қарағандыда дала өрті дес бермей жатыр. Шет ауданының таулы өлкесінде құрғақ шөп тұтанып, оны дереу ауыздықтауға жел кедергі келтірді. Қызыл жалынды сөндіруге өңір құтқарушылары мен қосымша күш жұмылдырылған. Бұдан бөлек, қалаға 30 шақырым жерде дала өрті өршіді.
ӘЛЕМНІҢ БІРІНШІ РАКЕТКАСЫ
10 жыл үздіксіз еңбектің жемісі. Елена Рыбакина жекелей сында алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирінде отандасымыз жеңіске жетті. Қазақстандық теннисші бүгіннен бастап WTA рейтингінде көш бастады.
AI КИНО АЛАҢЫ
Елордада 1-3 қазан аралығында Astana AI Film фестивалі өтеді. Байқауға 125 елден жасанды интеллект көмегімен әзірленген 8 мыңнан астам жұмыс келіп түскен. Бұл – шамамен 100 мың минут. Алғашқы халықаралық жарыстың жалпы жүлде қоры – 2 млн АҚШ доллары.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.