Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Ақбаян Мұқанғалиева психикалық денсаулық орталығынан шықты. Сұлтан Сәрсемәлиевтің бұрынғы әйелі туыстарының үйінде тұрады. Осылайша оған балаларымен жиі көрісуге мүмкіндік жасалып отыр. «Бұл оның тезірек сауығып кетуіне септеседі», — дейді мамандар. Дегенмен Ақбаян әлі күнге дейін бұрынғы күйеуінің өзіне жақын төрт адамды өлтіргенін білмейді. Туыстары бұл шындықты айтуға әзірге асықпай отыр. Себебі бұл қайғылы жағдай оның денсаулығына кері әсер етуі мүмкін деп алаңдайды. Сондықтан оның ақыл-есін толық жинауын күтпек.
Айта кетейік, қайғылы оқиға Атырау облысында болған еді. Сұлтан Сарсемалиев бұрынғы әйелінің ата-анасы, ағасы мен қарындасын өлтірген. Оның қылмысы толық дәлелденіп, өмір бойына сотталған болатын. Ал Ақбаян Мұқанғалиеваның бұл қылмысқа еш қатысы жоқ екені анықталып, оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылған.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал