Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Семейде екі оқушының пышақтасуы қоғамда резонанс тудырған еді. Екі сыныптас төбелесіп, бір-біріне пышақ сілтеген. Қазір жәбірленуші бала ауруханада жатыр. Алайда екінші оқушының ата-анасы жанжалды ұлы бастамағанын айтады. Олардың сөзінше, тоғайдан пышақ тауып алған досы бірінші болып шабуыл жасаған. Екі оқушы әуелі күресіп, әзілдесіп жүрген. Кейін сөзге келіп, төбелесіп қалған. Төбелестен кейін балалар пышақ пен ұялы телефондарын сол жерде қалдырып, жақын маңдағы тұрғындардан көмек сұраған. Қазір оқиғаға қатысты сараптама тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.
НАЗИГҮЛ ЖҰМАБЕКОВА, ДӘУЛЕТТІҢ АНАСЫ:
— Меніңше, екеуі де кінәлі. Бірақ Омар бірінші болып пышақ алып, шабуыл жасамағанда, мұндай жағдай болмас еді. Жай ғана төбелесіп, көгеріп-соғылып, үйлеріне қайтар еді. Ал Омар бірінші болып пышақ қолданғаннан кейін жағдай ушықты. Сондықтан екеуінің де кінәсі бар деп ойлаймын.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.