Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews
Алимент бойынша берешек көлемі жыл сайын артып келеді. Қазір Шымкент бойынша сот орындаушы өндірісінде 14 мыңнан астам іс қаралып жатыр. Борышкерлердің жалпы қарызы 6 млрд теңгеден асып кеткен. Бұл былтырғыдан екі миллиард теңгеге артық. Бір әкенің ең көп берешегі 16 миллион теңгеге жеткен. Бала несібесін бермей жүргендердің арасында 289 ана бар. Олардың кейбірінің қарызы 11 миллион теңгеге дейін өскен. Мамандардың айтуынша, қарыздың ұлғаюына борышкерлердің тұрақты әрі ресми жұмысының болмауы себеп.
БАУЫРЖАН МЫРЗАЛИЕВ, ҚАЛА ПРОКУРОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСІ:
— 265 борышкер ӘҚБК-тің 669-бабымен әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 163 борышкер 5 тәулікке дейін әкімшілік қамақ түріндегі жауапқа тартылды. Бұл 61% құрайды. Жыл басынан 1,2 млрд-қа жуық алимент берешегі өндірілді. 104 борышкерге қатысты алимент төлмегені үшін ҚК 139-бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру нәтижесінде 75 іс сотқа жолданды. Жалпы, бұл бағытта одан бөлек рейдтік іс-шаралар да жүргізілуде. Ағымдағы жылы 15 борышкердің көлік жүргізу құралдары тоқтатылды.
———————————————
#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.