Қазақстан Solana хакатондарына қатысу бойынша әлемнің үздік ондығына кірді

Арнаға тіркел / Подпишись на канал: http://www.youtube.com/@TheSevenNews

Қазақстанда Solana экожүйесін дамыту бағытында бір жыл ішінде 8 мыңнан астам адам оқытылып, 2 мыңнан астам түлек дайындалды. Қазақстандық Web3-стартаптарға 121 миллион теңге көлемінде грант берілді. Solana Day ұлттық хакатонына 2 300-ден астам адам қатысып, мыңнан астам команда жоба ұсынды. Ал жаһандық Solana хакатондарына өтінім беру көрсеткіші бойынша Қазақстан Украина, Германия және Қытайды басып озып, әлемнің үздік он елінің қатарына кірді. Екі хакатонның жалпы жүлде қоры 3,5 миллион АҚШ долларына жетті.
———————————————

#Жаңалықтар #жаңалықтар2026 #жаңалықтаржетіншіарна #Жетіншіарна #седьмойканал #7канал